Астана қалалық медициналық орталығының дәрігері Макишев парақорлық ісі бойынша сотталды.
Антикор хабарлағандай, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты дәрігерді 500 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп таныды.
Медициналық орталықтың дәрігері жоспарлы хирургиялық операция жасағаны үшін пациенттен заңсыз материалдық сыйақы алған. Үкім заңды күшіне енбегені атап өтіледі.
Еске сала кетейік, жыл басында Ақтөбе облысының Антикор қызметкерлері ұстаған көпсалалы облыстық аурухананың бас дәрігері сыбайлас жемқорлыққа күдіктелген. Ұсталған адам өз кінәсін мойындап, тергеумен ынтымақтасуға келіскен.
Фонд-бюро расследования коррупции