Skip to main content

Лауазымды тұлғаларды 2025 жылдан бастап кірістері туралы мәліметтерді жариялауға міндеттеуі мүмкін

Submitted by Вера Александрова on

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Кірістер мен мүлік туралы декларациядағы жариялануға тиіс мәліметтер тізбесін бекіту туралы» бұйрық жобасын жариялады, оған сәйкес 2025 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары кірістер мен мүлік туралы декларацияларында көрсетілген мәліметтерді жариялауға міндеттеледі.

Zakon.kz мәліметінше, келесідей мәліметтер жариялануға жатады:

  • жеке тұлғаның өз бетінше салық салуға жататын кірістері туралы ақпарат;
  • есепті салық кезеңінде, оның ішінде ҚР шегінен тыс жерлерде сатып алынған және (немесе) өтеусіз алынған мүлік (соның ішінде ақша) туралы ақпарат;
  • есепті салық кезеңінде, оның ішінде ҚР шегінен тыс жерлерде иеліктен шығарылған және (немесе) өтеусіз берілген мүлік (соның ішінде ақша) туралы ақпарат;
  • ҚР шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша туралы ақпарат;
  • желтоқсан айының 31-іне қарай бар мүлік (түрі, елі және саны) туралы ақпарат.

Жобаны «Ашық НҚА» порталында жария талқылау 27 желтоқсанға дейін созылады.

Еске сала кетейік, сәуір айында Мәжіліс депутаттары Қазақстан Халық Партиясынан (ҚХП) салық декларациясын тапсыру кезінде жеке деректердің қауіпсіздігіне күмән келтірген болатын.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов сол кезде декларацияларға рұқсат тек арнайы бұйрық бойынша шектеулі қызметкерлер тобына берілетінін және олар ақпараттың құпиялылығы мен қауіпсіздігі үшін жеке жауапкершілікте болатынын сендірді.