Ақтауда көппәтерлі «Султан», «Аққала» және «Мұрагер» тұрғын үйлерінің құрылысы кезінде аса ірі көлемде алаяқтық жасау ісі бойынша үкім шығарылды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметінің мәліметінше, «ИнтерьерСтройАктау» ЖШС құрылыс компаниясының басшылары құрылысқа лицензиясы, рұқсаты және жоба-сметалық құжаттамасы болмай, 590 үлестік қатысу шартын жасасқан.
Нәтижесінде қылмыскерлер үлескерлерден 5,5 млрд теңгеден астам қаражатты заңсыз тартқан. Сонымен қатар құрылыс жұмыстары бұзушылықтармен жүргізіліп, белгіленген мерзімде аяқталмаған.
Сонымен қатар компания басшылығы құрылыс жұмыстарының жалған актілері бойынша кассадан қолма-қол ақша алып, 1,9 млрд теңгені иемденген.
Тергеу барысында 5 жер учаскесіне және 47 автокөлікке тыйым салынды.
Сот компания басшылығын кінәлі деп танып, 3,5 жылдан 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сонымен қатар 1,1 млрд теңге құнындағы мүлік зардап шеккендердің азаматтық талаптарын өтеу есебіне алынды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысының прокуратурасы «Тұрғын үй» тұрғын үй құрылыс кооперативінің (ТҮҚК) үлескерлерінен 421 млн теңге жымқыру ісі бойынша сотқа жолдаған.
Фонд-бюро расследования коррупции