Қостанай облысының Мендіқара ауданы Буденнов ауылдық округіне қарасты Қызылту ауылында ірі қара малдан бруцеллез анықталған соң карантин енгізілді.
«Қазинформ» халықаралық ақпарат агенттігінің мәліметінше, тексерілген 132 бас ірі қара малдың 5-еуінен ауру анықталған.
«Малдардан алынған патологиялық материалдың бес үлгісі де ПТР әдісімен оң нәтиже көрсетті. Ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылы бруцеллезге 132 бас ірі қара мал тексерілді», — деп хабарлады Қостанай облысының ветеринария басқармасы.
Ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес ауылда шектеу іс-шаралары енгізілді.
«Сауықтыру іс-шараларын жүргізу жоспарлануда, олар қатарынан екі теріс нәтиже алынғанға дейін әр 15–20 күн сайын жүйелі зертханалық зерттеулерді қамтиды», — делінген хабарламада.
Жұмыстарды Республикалық эпизоотияға қарсы отряд мамандары жүргізетіні атап өтілді. Инфекцияның таралуының ықтимал көздері бруцеллезге оң реакция беретін жануарлар мен малдың бақылаусыз қозғалуы болуы мүмкін.
Қызылту ауылында барлығы 225 бас ірі қара мал, 555 бас ұсақ мал және 47 жылқы бар.
Еске сала кетейік, ақпан айында Қостанай облысының Қарабалық ауданында бруцеллезге байланысты карантин жарияланған болатын. Сонда бірнеше ондаған жануардан ауру анықталды.
Фонд-бюро расследования коррупции