Skip to main content

Костанай облысында мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде картельдік сөз байласу анықталды

Submitted by Вера Александрова on

Қостанай облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) Департаменті 5 компанияға қатысты тергеуді аяқтады: «BW-invest» ЖШС, «Шебер-СВТ» ЖШС, «ТочкаОпта» ЖШС, «ДД и компания» ЖШС және «Reliable partner 2017» ЖШС картельдік сөзбайлас белгілері бойынша.

Анықтама үшін: картельдік сөзбайлас — бір нарықтық сала қатысушыларының тауарларды немесе қызметтерді белгілі бір баға бойынша өткізу туралы бейресми келісімі. Сондай-ақ картельдік сөзбайлас деп баға деңгейіне әсер ету мақсатында нарық қатысушыларының сатып алу және сату көлемдерін келісімдік реттеуі танылады.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, тиісті белгілер осы Серіктестіктердің болат құбырларды өткізу кезінде мемлекеттік сатып алуларға қатысуы кезінде анықталды.

Тергеу қорытындысы бойынша компанияларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды («Монополиялық қызмет»). 

Нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сот картельдік сөзбайласқа қатысушылардың барлығын жауапкершілікке тартты. Айыппұл сомасы 18 267 173 теңгені құрады, монополиялық кіріс 28 412 021 теңге сомасында тәркіленді.

Сонымен қатар, картельдік сөзбайласқа қатысушылардың мекенжайына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу туралы нұсқамалар енгізілді.

Еске сала кетейік, былтырғы мамыр айында «КФК «Медсервис плюс» ЖШС, «Акниет» ЖШС және «Стофарм» ЖШС дәрі-дәрмектерді тасымалдау және сақтау қызметтерін сатып алу кезінде картельдік сөзбайласқа қатысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сатып алуды «СК-Фармация» ЖШС жүргізген болатын.