Конституциялық сотқа қылмыстық баптар мен бас бостандығынан айыру орындарындағы ішкі тәртіп ережелерінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш түсті.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ережелер жазасын қатаң тәртіпте өтеп жүрген сотталғандарға, сондай-ақ тәртіптік оқшаулатқыштарда ұсталатындарға телефон арқылы сөйлесуге тыйым салуды белгілейді.
Қазіргі уақытта тәртіптік оқшаулатқыштар мен жалғыздық камераларға орналастырылған сотталғандарға азық-түлік және бірінші қажеттілік заттарын сатып алуға, темекі шегуге және күндізгі уақытта ұйықтайтын орынды пайдалануға тыйым салынған.
Өтініш берушінің пікірінше, бұл нормалар оның қорғану, адвокаттың білікті заң көмегін алу конституциялық құқығын шектейді, сондай-ақ БҰҰ-ның сотталғандарды ұстау ережелеріне сәйкес келмейді.
Конституциялық соттың түпкілікті шешімін кейінірек жариялауға уәде етті.
Еске сала кетейік, шілдеде белгілі болғандай, Өскемен қаласының №2 соты ШҚО бойынша ҚАЖБ бастығының орынбасары Зиянов Қ.А. қатысты үкім шығарды. Ол лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп танылды. Оның «ROP операторы» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Құмарғалиев М. сотталғанға жазасын өтеудің қолайлы және жеңілдікті жағдайларын жасауға ықпал еткені хабарланады.
Фонд-бюро расследования коррупции