(26 ақпан 2026 | Дереккөз: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі)
Алматыда Қазақстан азаматы ірі партия синтетикалық есірткіні алу кезінде ұсталды. Операцияны Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шетел мемлекетінің құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізді. Метафетамин контрабандасы арнасының жолын кесу туралы айтылып отыр.
ОПЕРАЦИЯ ҚАЛАЙ ӨТТІ
ҰҚК мәліметі бойынша, халықаралық есірткіге қарсы операция 2026 жылғы қаңтарда шетел мемлекетінің құзыретті органдарымен бірлесіп жүзеге асырылды.
Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде Алматы қаласында Қазақстан азаматы ұсталды. Арнайы қызметтің ақпараты бойынша, ол 8 кг «метамфетамин» синтетикалық затын алу кезінде ұсталған.
ІС ҚАНДАЙ БАП БОЙЫНША ТЕРГЕЛІП ЖАТЫР
Осы факті бойынша ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Сот санкциясымен күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Фонд-бюро расследования коррупции