ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы үлкен көлемдегі есірткі жүгін өткізуге жол бермеді.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың мамыр айында Түркістан облысы Б. Қонысбаев атындағы өткізу пунктінде шекарашылар жүк көлігінен аяқ киім креміне арналған ыдыстарда жасырылған 775 кг героинді анықтаған.
Мұндай көлемдегі есірткінің «қара» нарықтағы құны $15 млн асуы мүмкін екендігі хабарланды.
«Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін ҚМА қызметкерлері тыйым салған Тайландтан Қазақстанға 3,5 кг есірткі әкелу әрекетіне жол бермеген болатын.
Сонымен қатар, Ақмола гарнизонының әскери соты үкім шығарды – гашиш таратқан подполковник 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол тұрғын үйдің терезелерінің торларына магниттермен бекітіп, гашиш майы бар колбаларды қойып жатқан жерінен ұсталды.
Фонд-бюро расследования коррупции