Skip to main content

Әкімдік The New York Times журналының мақаласынан Алматының рейтингі туралы дұрыс емес деректер келтірді

Submitted by Вера Александрова on

Журналистер Алматы әкімдігінің қаланы The New York Times нұсқасы бойынша саяхаттауға арналған үздік 10 орынға енгізілгені туралы жарияланымында сәйкессіздік анықтады.

«Buzyq» Telegram-арнасының мәліметінше, қаңтар айында The New York Times өзінің «52 Places to Go in 2024» (2024 жылы баруға тұрарлық 52 орын) материалында Алматыны шынымен атап өткен, алайда қала тізімде 25-ші орынды иеленген, әкімдіктің жарияланымында айтылғандай алғашқы ондыққа кірмеген.







Редакцияның сұрауынан кейін Алматы әкімі Ерболат Досаевтың баспасөз қызметі материалдың баспа нұсқасына сілтеме жасаған, алайда қызметкерлердің жүктемесі жоғары болғандықтан растайтын материалдарды ұсынбаған.

Айта кету керек, журналистер жүгінгеннен кейін бір сағаттан соң жарияланымды әкімдіктің әлеуметтік желілерінен алып тастаған.