2023 жылдың желтоқсанынан бастап басқару консалтингіне маманданған халықаралық «Boston Consulting Group» компаниясы «Qarmet» АҚ (бұрынғы атауы - «АрселорМиттал Темиртау») көмір өндірісіне аудит жүргізді. Мамандар өз бақылауларымен бөлісті.
2021 жылдан бері шахталардағы қайғылы оқиғалардың 95% себептері жарылыстар, өрттер және газодинамикалық құбылыстар екені хабарланады. Халықаралық сарапшылар барлық нысандарда орналасуды анықтау жүйесін орнатудан басталуы керек кешенді жаңғырту жұмыстарын енгізуді ұсынды.
_______________
Анықтама үшін: Орналасуды анықтау жүйесі орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігі мен өнімділігін арттыру мақсатында жер асты шахталарында персонал мен жабдықты бақылауға арналған.
Жүйелерді басқару үшін өндірістің деректерін біріктіру тиімділігін арттыруға және геоколебаниялар сияқты сыртқы факторларға ден қоюды жеделдетуге мүмкіндік беретін орталық диспетчерлік қызмет құру ұсынылды.
_________________
Анықтама үшін: Деректерді біріктіру - әртүрлі көздерден деректерді алуға, олардың ақпараттылығы мен сапасының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге, деректерді бірыңғай форматқа түрлендіруге бағытталған әдістер мен процедуралар кешені.
Сарапшылар сондай-ақ ұтымсыз инвестициялауды және өзекті емес технологиялық жабдықты сатып алуды, шахталардағы еңбек жағдайларының бірыңғай стандартының жоқтығын және т.б. атап өтті.
«BCG» аудитінің қорытындыларын ескере отырып, 2028 жылға дейін көмір департаментінде жаңғыртудың егжей-тегжейлі кешенді іс-қимыл жоспарын анықтау жөнінде бірлескен жұмыс тобы құрылды. Ауқымды науқанның мақсаты өнімділік пен еңбек қауіпсіздігін арттыру үшін үздік халықаралық тәжірибелерді енгізу болады», - деп хабарлады «Qarmet».
Бұған дейін «АрселорМиттал Темиртау» шахталарында басшылықтың кінәсінен жыл сайын адамдар қаза табатыны хабарланған болатын. Мысалы, 2006 жылы Шахтинск қаласының маңында орналасқан Ленин атындағы шахтада жарылыс болып, салдарынан 41 шахтер қаза тапты.
2022 жылғы қарашада сол шахтада газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен газ шығарындысы болып, 5 жұмысшының қазасына әкеп соқты.
2023 жылғы тамызда Қарағанды облысындағы «Қазақстанская» шахтасында конвейер таспасының тұтануы орын алды. Апат кезінде шахта ішінде 227 адам болған, оның 5-і қаза тапты.
2023 жылғы қазанда Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада метан жарылысы 46 адамның өмірін қиып, 28 шахтерге жарақат салды. Апат елдің шахтерлік тарихындағы ең ірі апат деп танылды.
Дәл осы оқиғадан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев «ArcelorMittal» корпорациясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Кейіннен «АрселорМиттал Темиртау» ресми түрде Қазақстанның юрисдикциясына өтті.
Кәсіпорынның жаңа инвесторы Андрей Лаврентьев болды, ал кәсіпорын «Qarmet» деп қайта аталды. Мәміле шарттары бойынша Лаврентьев комбинат пен шахталарды жаңғыртуға $3 млрд салуы тиіс.
Фонд-бюро расследования коррупции