Skip to main content

«Қазақтелекомның» топ-менеджері өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталды ма?

Submitted by Вера Александрова on

Біздің @fund_kz_bot телеграмына Жамбыл облысынан хабарласып, лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен сол жерде «Қазақтелеком» АҚ-ның жоғары лауазымды қызметкері ұсталғанын айтады. Сөз «Қазақтелеком» басқармасының мүшесі, корпоративтік сегмент бойынша бас директор Алмат Қараманов туралы болып отыр.



2018 жылғы маусымнан бастап Қараманов компанияның профильді емес функцияларына жауап беретін «Сервистік фабриканың» («Қазақтелеком» АҚ филиалы) әкімшілік ортақ қызмет көрсету орталығының директоры болды. 2019 жылғы мамырда ол филиалдың бас директоры болып, бұл қызметті 2021 жылғы мамырға дейін атқарды.

Осы кезеңде Қараманов «Сервистік фабриканың» жылжымайтын мүлікті басқару бөлімінің бұрынғы бастығы Сметов М. О. және сол бөлімнің маманы Кухаренко И. В. көмегімен «Қазақтелекомның» 3 қабатты әкімшілік ғимаратын төмендетілген бағамен сатып, осылайша мемлекетке 468 млн теңге көлемінде залал келтірген деп хабарланады.

Ұстау туралы ресми мәлімдемелер әзірге болған жоқ. Дереккөздің айтуынша, Қараманов пен Сметов Тараздағы уақытша ұстау изоляторына орналастырылған. Оларға лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану (ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігі) бойынша айып тағылуда.

Бұл қылмыс үшін мүлкін тәркілеу және белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыру арқылы бас бостандығын шектеу не бас бостандығынан айыру түрінде 7 жылға дейін жаза қарастырылған.