Skip to main content

«Қазақтелеком» 2024 жылдың қорытындысы бойынша 293,4 млрд теңге көлемінде рекордтық дивидендтерді бекітті

Submitted by Вера Александрова on

2024 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақтелеком» АҚ рекордтық дивидендтер – 293,4 млрд теңге төлейді. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Бағдат Мусин мәлімдеді. 

«Әрбір акцияға – 26 664 теңге және 88 тиын. Қарапайым акциялар бойынша кірістілік – 68%, артықшылықты акциялар бойынша – 87%. Бұл тарихи максимум», – деп жазады Мусин өзінің Instagram парақшасында.

Ол бұған биылғы жылдың қаңтарында аяқталған МТС-тегі 100% үлесті сату мәмілесінің елеулі үлес қосқанын атап өтті.

«Ал біз әрі қарай жылжып келеміз. Kcell-ді дамытып, жаңа буындағы цифрлық сервистерді іске қосып, жасанды интеллект үшін инфрақұрылымды жақсартып, «Қазақтелекомның» дәуірге бейімделіп қана қоймай, оны қалыптастыруы үшін жұмыс істеп жатырмыз», – деп түйіндеді Бағдат Мусин.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың тамызынан қыркүйегіне дейін ФБРК редакциясы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ инвестициялық холдингіне кіретін ұлттық компаниялардың, атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ және «Air Astana» АҚ топ-менеджерлерін сыйақыландыру мөлшері туралы жазған болатын.

Қазақстанның ұлттық компаниялары атқарушы органдары мүшелерінің 2020 жылдан 2023 жылға дейінгі жалпы сыйақы мөлшері туралы материалдар сериясымен осы жерден танысуға болады.