Бұл туралы журналистерге компания басқармасының төрағасы Рустам Карагойшин айтты.
Ulysmedia.kz дерегінше, ол бұған қанша қаражат бөлінетініне жауап беруге қиналған.
Атап өтілгендей, биыл жазда Қазақстандағы ұлттық компаниялар басшыларының сыйақылары ондаған миллион теңгемен есептелетіні белгілі болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін ФБРК редакциясы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, "QazaqGaz" ҰК" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "KEGOC" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ, "Қазпошта" АҚ, "Қазақстан темір жолы" АҚ, "Samruk-Kazyna Construction" АҚ және "Air Astana" АҚ инвестициялық холдингіне кіретін ұлттық компаниялардың топ-менеджерлерін сыйақыландыру мөлшері туралы жазған болатын.
Қазақстанның ұлттық компанияларының атқарушы органдары мүшелерінің сыйақыларының жалпы мөлшері туралы материалдар сериясымен осы жерде танысуға болады.
2022 жылғы тамызда хабарланғандай, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ атқарушы органының төрт мүшесіне берілген сыйақылардың жалпы мөлшері 300 млн теңгеге жуық болған.
Фонд-бюро расследования коррупции