Ресейде қазақстандық «Новоджамбул фосфор зауыты» (НДФЗ) ЖШС-нің шоттары тәркіленді, оны бұрынғы мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлдары Нұрхан мен Нұржан бақылайды.
_____________
Анықтама үшін: НДФЗ - сары фосфор және фосфор қоспалары бар өнімдер шығаратын химиялық зауыт. Кәсіпорын «Қазфосфат» құрылымына кіреді, 2023 жылғы жағдай бойынша оны «CAF Holding Ltd» компаниясы арқылы Нұрхан мен Нұржан Нығматулиндер бақылаған.
БАҚ мәліметтері бойынша, Ресей Федерациясының Кемеров облысы төрелік соты новокузнецкілік «Горнорудная компания» ЖШС-нің НДФЗ ЖШС-не қатысты екі талап арызы бойынша өтініштерін қанағаттандырды.
НДФЗ ресейлік компаниямен 2023 жылғы қыркүйекте қол қойылған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны хабарланады. Бірінші талап бойынша «Горнорудная компания» НДФЗ ЖШС-нен 190,1 млн рубль, екіншісі бойынша - 513,2 млн рубль талап еткен.
Талап арыздарды қанағаттандырумен қатар, Кемеров облысының төрелік соты НДФЗ ЖШС-нің қазақстандық «Halyk Bank» және ресейлік «Москоммерцбанк» банктеріндегі шоттарын да тәркіледі.
Сонымен қатар, ҚР Әділет министрлігінің деректері бойынша, қазіргі уақытта компанияға қатысты 665 млн 496,2 мың теңге сомасына атқарушылық іс жүргізу қолданылып жатқаны хабарланады. Айта кетейік, 2023 жылы зауыт 893,4 млн теңгеден астам сомаға салық төлеген.
Кейбір сарапшылар НДФЗ «Қазфосфат» құрылымына кіретіндіктен, зауыт шоттарының тәркіленуі аясында құрамында фосфор бар химиялық тыңайтқыштардың, соның салдарынан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлерінің бағасы көтерілуі мүмкін деп алаңдауда.
Фонд-бюро расследования коррупции