Skip to main content

Қазақстанда екінші АЭС орналасатын орын анықталуда

Submitted by Вера Александрова on

Премьер-министр Олжас Бектенов үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанда екінші атом электр станциясын (АЭС) салу үшін ықтимал орынды таңдау туралы хабарлады.

Vlast.kz мәліметінше, Бектенов жақын арада билік Алматы облысында бірінші АЭС салу бойынша қажетті келісімдер жасайтынын атап өтті.

«Екінші АЭС салу үшін ықтимал орындарды анықтау мақсатында өңірлерді талдау аяқталуда», - деп хабарлады премьер-министр.

Сонымен қатар ол Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында үш ЖЭО салу бойынша жобаларды іске асырудың басталғанын айтты. Кезең-кезеңімен пайдалануға беру 2032 жылға дейін жоспарланған.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдум өтті. Дауыс беруге барлығы 7,8 млн азамат қатысты. Оның ішінде АЭС салуға 5,5 млн адам, қарсы - шамамен 2 млн адам дауыс берді.