Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мүшесі Сәбила Мұстафина Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумға бюджеттен 15,5 млрд теңге сұрату жоспарланып отырғанын хабарлады.
Bes.media мәліметінше, бұл сомаға 63 елде орналасқан 78 шетелдік сайлау учаскесінде референдумды ұйымдастыру және өткізу кіргізілген.
«Сметада жалпы соманың 71% -ын комиссияның барлық органдары мүшелерінің еңбекақысы құрайды – олардың саны 700 мыңнан астам адам», – деп қосты ОСК мүшесі.
Қалған қаражатты ақпараттық сүйемелдеуге, бюллетеньдер дайындауға, баспа өнімдеріне, кеңсе тауарларына және сайлау учаскелерінің жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті басқа да заттарға жұмсау жоспарлануда.
Ақшаны бөлу туралы түпкілікті шешімді үкімет қабылдайтыны атап өтілді.
Еске сала кетейік, маусым айының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум осы жылдың күзінде өтетінін мәлімдеген еді.
Президент атом электр станциясын салу ерекше маңызды экономикалық және саяси мәселе екенін бірнеше рет атап өтті. Мемлекет басшысы АЭС салу туралы түпкілікті шешім халықта болатынына сендірді.
Қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум биылғы жылдың 6 қазанында өтетінін жариялады.
Фонд-бюро расследования коррупции