Премьер-министр Олжас Бектенов ведомствоаралық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысында мәліметтер базасын алаяқтарға беру үшін жауапкершілік енгізу мәселесін көтерді.
«Деректер базасын желіге немесе алаяқтарға «тасымалдайтын» адамдар ешқандай жазаланбайды. Сондықтан басқа адамдардың банктік аккаунттарын, шоттарын, карталарын, жеке куәлік деректерін, телефон нөмірлерінің базасын бөгде адамдарға қасақана беру үшін жауапкершілік енгізу мәселесін пысықтау қажет», — деп атап өтті Бектенов.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, несие рәсімдеуге және банктік жинақтарды ұрлауға байланысты интернет-алаяқтықтардың көпшілігі шетелден жасалады.
«Ұрланған ақшалар «дропперлер» деп аталатындардың көмегімен қолма-қол ақшаға айналдырылады – бұл негізінен тез арада «оңай» ақша тапқысы келетін жұмыс істемейтін азаматтар. Қазіргі уақытта заңнамада «дропперлерге» қатысты ешқандай жауапкершілік қарастырылмаған», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Бектенов онлайн-несие рәсімдеу кезінде жеке басты сәйкестендіру процедураларын қайта қарауды тапсырды.
Сонымен бірге үкімет басшысы рәсімделетін несиелерді алаяқтық әрекеттерден сақтандыру мәселесін қарауды жөн көрді.
Еске сала кетейік, наурыз айында қазақстандықтарға жеке деректерінің «EgovMobile» қосымшасында ағып кеткені туралы хабарланды. МҰҰ-да ешқашан несие рәсімдемегендерге де хабарламалар келді.
Осыдан сәл бұрын ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрлігінде ішкі деректердің жаппай ағуы орын алды. Құпия әңгімелер мен жедел деректері бар файлдар GitHub хостингінде қолжетімді етіп қойылды. Жарияланған файлдардың арасынан қазақстандық байланыс операторлары Beeline, Altel, Tele2, Kcell және Қазақтелеком абоненттерінің жеке деректері де табылды.
Сондай-ақ, ағып кеткен файлдардың арасынан БЖЗҚ-ның 2019 жылғы ақпараты және «Air Astana» әуе тасымалдаушысының жолаушылары туралы мәліметтер табылғаны хабарланды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақтелеком» АҚ, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) және «Air Astana» АҚ-да ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Олардың нәтижелері бойынша «Қазақтелеком» және «AirAstana» әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұзушылықтарды жою үшін бір жыл мерзім берілді.
Алайда informburo.kz мәліметтері бойынша, «AirAstana» компаниясы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұзушылықтарды жою туралы нұсқамасы клиенттердің жеке деректері мәселелеріне қатысты емес екенін мәлімдеді. Оның үстіне, әуе компаниясы «жолаушылардың деректеріне қауіп төнген жоқ» деп сендірді.
Фонд-бюро расследования коррупции