ІІМ «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заң жобасын ұсынды. «Ашық НҚА» сайтында жарияланған құжатта қазақстандықтар қауіпсіздікті сақтауға белсенді жәрдемдескені үшін көтермеленетіні айтылған.
Жол жүрісі ережелерін бұзушылықтардың бейнежазбаларын жіберетін азаматтар қаржылай сыйақы алуға құқылы болатыны хабарланады. Бұл сома құқық бұзушыдан өндірілген айыппұл мөлшеріне байланысты болады.
Егер бұзушылықты бірнеше адам тіркесе, сыйақы бейнежазбаны бірінші болып ұсынған адамға тағайындалады.
Сонымен қатар жобада жергілікті атқарушы органдардың жеңілдіктері, мысалы, қоғамдық көлікте тегін жүру немесе жеңілдікті тұрақ көзделген.
Айта кетейік, ҚР ХҚҚ қоғам қайраткері және негізін қалаушысы Кирилл Павлов 2015 жылы-ақ осындай бастаманы ұсынған болатын.
Еске сала кетейік, Қазақстанның кейбір қалаларында ұзақ уақыт бойы жол жүрісі ережелерін бұзуды бақылайтын «Сергек» жүйесі – Sergek Group компаниясының флагмандық өнімі жұмыс істеп тұр. Жуырда ғана ҚР ХҚҚ редакциясы Sergek Group жобалары туралы бірқатар материалдар жариялады. Олармен сілтеме арқылы танысуға болады.
Фонд-бюро расследования коррупции