Қазақ-өзбек шекарасында құқық қорғау органдары қылмыстық топтың әрекетіне жол бермей, мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен өткізуге арналған туннельді жойды.

Түркістан облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ұзындығы 450 метр болатын туннель арқылы күн сайын көлемі 5-7 тонна контрабандалық жанар-жағармай шығарылған. Заңсыз әрекет шамамен екі айға созылған.
«Арнайы іс-шаралар барысында қылмыстық топтың барлық мүшелері, оның ішінде Өзбекстан азаматтары да анықталды. Ұқсас іс-шаралар Өзбекстанның құқық қорғау органдарымен мемлекеттік шекараның шекара маңы аймағында жүргізілді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, прокурорлар экспортталған отын үшін көрші мемлекеттен ақша аудару схемасын анықтады.
«Трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері Қазақстан аумағында да, Өзбекстан аумағында да ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп түйіндеді ведомство.
Фонд-бюро расследования коррупции