Skip to main content

Карим Мәсімовтің Астанадағы үйі саудаға қойылды

Submitted by Вера Александрова on

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Астананың Нұра ауданында орналасқан үйді сатуға шығарды. Сауда-саттық 25 ақпанда өтеді. Нысанның бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге, ал кепілдік жарна - 117,9 млн теңге.


  
Informburo.kz мәліметінше, лот сипаттамасындағы үйдің фотосуреттері ҰҚК бұрынғы төрағасы Қарим Мәсімов ұсталғаннан кейін жариялаған кадрлармен сәйкес келеді.

«Сол кезде тергеу барысында комитеттің экс-төрағасының іс-әрекеттерінен сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің көптеген белгілері анықталды, соның ішінде құқық қорғау органдары жылжымайтын мүлікті заңсыз алу фактілерін құжаттады», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2023 жылдың сәуірінде Қарим Мәсімов мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алуға әрекет жасау, билікті және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану үшін 18 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды

Сондай-ақ хабарланғандай, 2024 жылдың наурызында ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына кешірім сұрау туралы өтініш жолдаған, алайда мемлекет басшысы оның өтінішін қабылдамады