Skip to main content

Карим Мәсімовке кешірім беруден бас тартылды

Submitted by Вера Александрова on

Кешірім жасау мәселелерін қарау жөніндегі комиссия ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке кешірім жасаудан бас тартты.

«Azattyq – Азаттық» Telegram-арнасының мәліметінше, бұл туралы комиссия төрағасы, Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов хабарлаған. Оның айтуынша, комиссияның шешімі енді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жіберіледі.

Өз кезегінде тағы бір мәжілісмен Абзал Құспан «кешірім жасау мәселесі қылмыстық заңнамамен реттелмегендіктен, бас тартудың негіздемесі жарияланбайды» деп мәлімдеді. 

Оның сөзінше, комиссияның шешімі ұсыным болып табылады, түпкілікті шешімді Президент қабылдайды.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың сәуірінде Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алуға әрекет жасау, билікті және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану үшін 18 жыл бас бостандығынан айыруға сотталды. Сондай-ақ биылғы жылдың наурыз айында ол Президенттің атына кешірім жасау туралы өтініш жібергені хабарланған