Skip to main content

Карим Мәсімов кешірім сұрайды

Submitted by Вера Александрова on

БАҚ хабарлауынша, мемлекеттік сатқындық және билікті басып алу әрекеті үшін сотталған ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов кешірім сұрау өтінішін берген. 

Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Мәсімов Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында отыр. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлағандай, ол наурыз айында Президенттің атына кешірім сұрау өтінішін жолдаған. 

ҰҚК-де Мәсімовке қатысты ҚК 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)») және ҚК 366-бабының 4-бөлігі («Ерекше ірі мөлшерде пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын қосты. 

Еске салайық, 2023 жылғы сәуірде Кәрім Мәсімов мемлекеттік сатқындық, билікті күшпен басып алу әрекеті, билікті асыра пайдалану және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану үшін 18 жыл бас бостандығынан айыруға сотталды. Оның бұрынғы орынбасарлары Ануар Садықұлов, Дәулет Ерғожин және Марат Осипов 3 жылдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.