Skip to main content

Карашукеев балалардың мектептегі қауіпсіздігі бойынша жұмысты сынға алды

Submitted by Вера Александрова on

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашүкеев мемлекеттік органдардың балалар құқығын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын сынға алып, өңірдегі қолданыстағы тәсілдерді қайта қарауды тапсырды.

«Проблемалық мәселелермен жүйелі жұмыс істеудің орнына, ұйым басшылары фактілерді жасыруға тырысады. Олар сөзсіз жауапкершілікке тартылады, тіпті жұмыстан босатылуы мүмкін. Бірақ бұл мәселені шешпейді», – деп атап өтті Қарашүкеев.

Өңір басшысы мектеп әкімшілігі тарапынан болатын бұзушылықтарды уақтылы анықтау және жедел ден қою қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, Қарашүкеев учаскелік полиция инспекторларының жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды. 

Ол сондай-ақ буллинг құрбандарына көмек көрсету үшін бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру, білім беру мекемелерінде бейнебақылау камераларының санын көбейту және оларды полиция департаментінің жедел басқару орталықтарына қосу міндеттерін қойды. 

Бұдан басқа, әкім мектеп психологтарының біліктілігін арттырудың маңыздылығын атап, олар мәселелер туралы білім басқармасына жедел хабарлауы және мектеп басшылығына қарамастан маңызды шешімдер қабылдауы тиіс екенін айтты. 

Жалпы, өңір басшысы аймақтағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы тиісті органдардың жұмысына қанағаттанарлықсыз баға берді. Ол әлеуметтік желілерде мектептердегі проблемаларға қатысты шағымдардың саны өскенін, ал кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар деңгейі 3,8%-ға артқанын атап өтті.

«Балалар қиын жағдайларда қалай және қайда жүгіну керектігін білуі және оларды не мазалайтыны туралы жасырын айтуы керек. Барлық кабинеттерге сенім телефонының нөмірі жазылған плакаттар ілінуі тиіс. Балалармен сенімді қарым-қатынас орнату үшін кәсіби психологтар жұмыс істеуі керек. Балалар барлық жерде өзін қауіпсіз сезініп, оларды не мазалайтыны туралы ашық айта алуы керек», – деп атап өтті облыс әкімі.

Еске сала кетейік, мамыр айының басында Жамбыл облысындағы ауылдық мектептердің бірінің көше дәретханасында тоғызыншы сынып оқушысы сегізінші сынып оқушысын ұрып белгілі болды. Нәтижесінде зардап шеккен жасөспірім қайтыс болды

Балалардың құқығын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі жиын барысында бақытсыз жағдайлардың көпшілігі сабақтан тыс уақытта болатыны, сондықтан балаларды оқытуда, тәрбиелеуде және дамытуда ата-аналармен өзара іс-қимылды күшейту қажет екені де атап өтілді. 

Жиында сондай-ақ ҰБТ-ға дайындық және өткізу мәселелері, жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру шаралары, лагерьлерде және шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. 

Сонымен қатар, Ербол Қарашүкеев өңірдің үш мектебіне қатысты, олар тиісті лицензиясыз жұмыс істегені анықталған, қысқа мерзімде шара қабылдауды тапсырды.