Skip to main content

Қарағанды облысында жарты тонна дизель отынын ұрлау анықталды

Submitted by Вера Александрова on

Қарағанды облысында дизель отынын жүйелі түрде ұрлауға күдікті ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті жойылды.

Polisia.kz мәліметінше, күдіктілер Бұқар-Жырау ауданының Ащысу станциясы аумағында әрекет еткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер теміржолдың жылжымалы құрамынан жанар-жағармай материалдарын ұрлаудың 28 эпизодын анықтады.

Құқық қорғау органдары құқыққа қайшы әрекеттің 17 болжамды қатысушысын ұстады.

14 тінту барысында шамамен жарты тонна дизель отыны, тасымалдауға арналған бос канистрлер, сондай-ақ Ресей ІІМ бөлімшелерінің бірінде 2017 жылдан бері жоғалған деп есептелетін тіркелмеген атыс қаруы тәркіленді. Сондай-ақ құқық қорғаушылар 26 оқ-дәрі, 7 ұялы телефон және есірткі заттарын тапты.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жалғасуда, қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайлары анықталуда.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында қазақ-өзбек шекарасында мұнай өнімдерін контрабандалау үшін туннель жүргізген қылмыстық топқа үкім шығарылды.