Skip to main content

Фармацевтикалық компанияларға сөз байласу үшін 342 млн айыппұл салынды

Submitted by Вера Александрова on

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) тергеуді аяқтады. Оның қорытындысы бойынша сот бірнеше фармацевтикалық компанияларға қатысты істерді қарады. 

«КФК «Медсервис плюс» ЖШС, «Акниет» ЖШС және «Стофарм» ЖШС компаниялары дәрі-дәрмектерді тасымалдау және сақтау қызметтерін сатып алу кезінде картельдік сөзбайласқа қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сатып алуды «СК-Фармация» ЖШС жүргізді. 

Сот талқылауларының нәтижесінде ұйымдар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 342 млн теңге айыппұл салынды. 

Сот компаниялар алдын ала сөзбайласқа түсіп, лоттарды өзара бөліп, жалған бәсекелестік туғызғанын анықтады, бұл ҚР бәсекелестік заңнамасын бұзу болып табылады.