Ақмола облысында қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Степногорск әкімі Гайдар Касенов пен Буланды ауданының әкімі Ардақ Смаилов сөгіс алды.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Касенов қаланы абаттандыру мәселелерінде жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тиісті бақылауды қамтамасыз етпегені үшін сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартылған.
Ал Смаилов Буланды ауданында су тасқынына қарсы шараларды уақтылы қабылдамағаны үшін жазаланған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі комиссиясының отырысында Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов ескерту түріндегі тәртіптік жаза алса, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байедиловты тіпті жұмыстан босату ұсынылды.
Комиссия Қарағанды қаласы әкімінің әрекеттері әлеуметтік желілерде азаматтар тарапынан теріс реакция мен сын тудырғанын анықтады. Ал Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің әрекеттерінен жер заңнамасының бұзылуы анықталды.
Фонд-бюро расследования коррупции