БАӘ елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың жұбайы - Карина Мамаш күйеуін түрмеге жабуын сұрайды. Ол оны 10 жыл бойы жүйелі түрде физикалық және жыныстық зорлық-зомбылық жасады деп айыптайды.

«Мен, Мамаш Карина Госмановна, БАӘ-дегі елшілік кеңесшісі Мамаш Сәкен Ташкенбайұлының жұбайымын. 10 жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшырап келе жатқанымды мәлімдеймін. Күйеуімнің дипломат мәртебесінен айырылып, оның маған жасаған барлық қорлығы үшін түрмеге жабылғанын қалаймын. Физикалық, жыныстық, эмоционалдық, экономикалық, тұрмыстық, отбасылық зорлық-зомбылық», - деп БАҚ әйелдің сөзін жеткізеді.

Өз кезегінде, ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров елшілік кеңесшісінің әйелінің мәлімдемесіне түсініктеме беріп, оны әрі қарай тергеу үшін Қазақстанға шақыртып алуға уәде берді.

«Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл түрде шақыртып аламыз. Одан әрі оның ісімен құқық қорғау органдары айналысады», - деді Смадияров.
Фонд-бюро расследования коррупции