Абай облысында полицейлер өңірдің орман алқабын көгалдандыру және қалпына келтіруге арналған қарағай көшеттерін ұрлаудың қылмыстық схемасын ашты.
Polisia.kz мәліметінше, қылмыстық топ құрамына жергілікті тұрғындар мен «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының бұрынғы қызметкерлері кірген.
Павлодар облысының аумағында 38 жастағы ұйымдастырушы және оның сыбайластары ұсталып, қамауға алынды. Күдіктілерден жалпы құны 500 млн теңгеден асатын 260 мыңнан астам көшет тәркіленді.
Ішкі істер министрлігі орман қорын заңсыз кесу, жою және ұрлау ел экологиясына орасан зор зиян келтіріп, одан да ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салды.
Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек бүкіл ел бойынша ағаш отырғызу кезіндегі ұрлықтар туралы мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, тек Маңғыстау облысында ғана жүздеген мың ағаш отырғызылмаған: 2021 жылы жоспарланған 556 мың ағаштың орнына тек 20 983 отырғызылса, 2022 жылы 167 мыңның орнына небәрі 21 мың егілген. ШҚО-да 2021 жылы 127 мыңның орнына тек 85 мың ағаш отырғызылған.
Фонд-бюро расследования коррупции