Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды.
Сот Қуандық Бишімбаевті ҚР ҚК 110-бабы «Қинау» және ҚР ҚК 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша кінәлі деп танып, оны 24 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Жазасын ол барынша қатаң қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.
Оның ағасы Бақытжан Байжанов 4 жыл орташа қауіпсіздіктегі колонияға сотталды. Алқабилер Қуандық Бишімбаевті Салтанат Нүкенованы қатыгездікпен өлтірді және қинады деп таныды, ал Байжановты жасыруда кінәлі деп тапты.
Сондай-ақ судья Айжан Күлбаева Қуандық Бишімбаев пен оның ағасынан қандай материалдық өтемақы өндірілетінін хабарлады.
«Бишімбаевтан сот сараптамаларын жүргізуге арналған 2 млн 306 мың 382 теңге көлеміндегі сот шығындарын мемлекет кірісіне өндіріп алу, Байжановтан 3 324 теңге көлемінде өндіріп алу. Бишімбаевтан жәбірленушіге өтемақы қорына 30 АЕК 103 500 теңге көлемінде мәжбүрлі төлем өндіріп алу. Байжановтан – 20 АЕК 69 мың теңге көлемінде», - деді судья.
Фонд-бюро расследования коррупции