Елге автомобиль, теміржол және су көлігімен бидай әкелуге тыйым салу тағы жарты жылға ұзартылды.
Өткен жылдың сәуірінде шешім қабылдай отырып, ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков соңғы бірнеше жылда отандық астық нарығы шекаралас елдерден контрабандалық жолмен бидай әкелінуіне байланысты шығынға ұшырап отырғанын түсіндірді.
Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, ерекшелік жасалды — ұн және құс өсіру кәсіпорындарына меншікті өнім өндіру үшін теміржол жеткізілімдеріне рұқсат берілді. Әкелінген бидайды сыртқы және ішкі нарықтарда сатуға болмайды.
Сонымен қатар, ішкі нарықта астықтың жеткілікті мөлшері бары хабарланды. 2023 жылы елде 12,1 млн тонна бидай жиналды.
Ағымдағы жылдың 1 наурызына қайта өңдеу және экспортқа жөнелту көлемін ескере отырып, астық қоры 11,5 млн тоннаны құрады. Оған қоса, Азық-түлік корпорациясы 350 мың тонна жемдік астық сатып алды.
Сондай-ақ, Қазақстанға қосымша Ресейден астық келіп түсуде, бұл сұраныстың төмендеуіне және бағаның құлдырауына әкеледі. Ағымдағы жылдың қаңтарында РФ-дан теміржол арқылы 174 мың тонна бидай әкелінгені, бұл 2022 жылмен салыстырғанда (127,8 мың тонна) 35%-ға көп екені хабарланды. Су көлігімен 29 мың тонна бидай әкелінді.
Фонд-бюро расследования коррупции