Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Қырғыз Республикасына бензинді одан әрі сату үшін заңсыз шығарумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер ҚР аумағында бензинді еріткіш пен дистиллят ретінде сатып алып, содан кейін жалған құжаттармен елден заңсыз шығарған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдары «Түрксіб» станциясында «Кара Май ОйЛ» шағын МӨЗ-інен жөнелтілген АИ-92 маркалы бензині бар 8 теміржол цистернасын ұстады.
Қырғызстанға бет алған жанармайдың жалпы көлемі шамамен 500 тоннаны құрады. Аталған шағын МӨЗ-ден 2023 жылдан 2024 жылға дейін көрші мемлекетке барлығы 102 мың тоннадан астам жанар-жағар май материалдары (ЖЖМ) экспортталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыстық топтың соңғы екі жылдағы айналымы 15,5 млрд теңгеден асты.
Сонымен қатар, аталған іс бойынша мемлекетаралық іздеу жарияланғандар:
- Попов Алексей Александрович, 27.04.1987 жылы туған, ҚР азаматы, Жамбыл облысы, Тараз қаласының тумасы;
- Ибраимов Рахымжан Маматұлы, 29.01.1996 жылы туған, ҚР азаматы, Өзбекстан Республикасы, Чартак қаласының тумасы;
- Сагындыков Серік Ерланұлы, 29.07.1987 жылы туған, ҚР азаматы, Жамбыл облысының тумасы.
Еске салайық, қаңтар айында біз Қазақстаннан көршілес елдерге ЖЖМ-нің ай сайынғы заңсыз экспорты көлемі 45 мың тоннаға жеткенін жазған болатынбыз.
Сонда энергетика министрлігі мәселенің шешімін нарықты ырықтандыру және отынға бағаны мемлекеттік реттеуден бас тарту деп көргені айтылды. ФБРК редакциясы түсіндіргендей, бұл шара контрабандамен күресте тиімді құрал бола алады.
Фонд-бюро расследования коррупции