Баянауыл ұлттық паркінде жерлерді өз бетінше иелену, заңсыз құрылыс салу және конкурссыз учаскелер беру фактілері анықталды.
Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта бұл жерлерді босату және өз бетінше салынған құрылыстарды бұзу шаралары қабылдануда.
Сонымен қатар, прокурордың актісі бойынша орман шаруашылығы комитеті туристік нысандарды орналастыру орындарына тарифтерді бекіту бойынша жұмыс жүргізуде.
Анықталғандай, 70-ке жуық демалыс үйлері, кафелер мен мейрамханалар жалға алынған жер учаскелері үшін төлем төлемеген.
Осыған байланысты Баянауыл ұлттық паркі жыл сайын табиғат қорғау іс-шараларына, қызметкерлердің сыйақыларына және т.б. жұмсалуы мүмкін шамамен 230 млн теңге қаражатты ала алмай отыр.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Ақмола облысындағы «Бурабай» ұлттық паркінде орналасқан Жукей көлінде браконьерліктің төрт жағдайы туралы хабарланған болатын.
Мамыр айында Алматыда Іле-Алатауы ұлттық табиғи паркінде от жаққаны үшін төрт бұзушыға 1,4 млн теңге айыппұл салынғаны белгілі болды.
Фонд-бюро расследования коррупции