Арнайы мамандандырылған кәмелетке толмағандар істері жөніндегі Улытау облысы ауданаралық сотында жергілікті балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қаралды.
Өңір соттарының баспасөз қызметінің мәліметінше, айыпталушы тәрбиеленушілермен сабақ өткізген, оның барысында балалар акварель бояуларымен сурет салған.
Сабақ кезінде тәрбиеші 2022 жылы туған балалардың бірінің аузына бояу салғанын көрген. Осыдан кейін айыпталушы оған ескерту жасап, қолымен ерніне ұрған. Сонымен қатар, ол баланы желкесінен ұрып, орындықтан көтерген. Содан кейін баланы жуынуға апарайын деп, мойнынан ұстап, итеріп жіберген, соның салдарынан бала құлаған.
Сот отырысында айыпталушы кінәсін мойындамай, бала құлаған кезде оны шынымен өрескел түрде көтергенін, бірақ оны ұрып-соқпағанын түсіндірген.
Нәтижесінде сот тәрбиешіні кінәлі деп танып, оған 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыру түріндегі жаза тағайындады.
Сонымен қатар, баланың ата-анасының пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 200 000 теңге өндірілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Атырау облысында сабақ кезінде 5 жастағы баланы ұрған жеке балабақша тәрбиешісіне айыппұл салынған. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша тәрбиеленушінің оң жақ саны аймағында гематома анықталған.
Фонд-бюро расследования коррупции