Skip to main content

Экібастұз балабақшасында баланың ұрып-соғылуы бейнежазбаға түсіп қалды

Submitted by Вера Александрова on

Желіде Екібастұздағы жеке балабақшадан түсірілген видео таралуда, онда әйел баланың басын көрпеге орап, бірнеше рет ұрады. 

«Экібас в Теме» Instagram-парақшасының мәліметінше, бұл факт Екібастұз полиция басқармасында тіркелген, аталған видео бойынша тексеру шаралары жүргізілуде.

Жазбаның астындағы пікірлерде баланың тәтесі оқиға «Сәби city» жеке балабақшасында болғанын айтты. Оның сөзінше, жиеніне екі жас толмаған. 

«Мұнда видеода бәрі емес, әрі қарай одан да жаман. Бала тыныштық сағатында ұйықтағысы келмеді, ал олар былай етті... Бөтен балаларды қорлауға кім құқық берді?» - деп жазады әйел.

Еске салайық, өткен жылдың сәуірінде Қостанайдың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты балабақша тәрбиешісін екі балаға ұрып-соққаны үшін айыппұл салды.