Skip to main content

Ауыл тұрғыны «Қазпоштадан» мүгедектік алғаны үшін 18,5 млн теңге сот арқылы өндіріп алды

Submitted by Вера Александрова on

«Қазпошта» АҚ Жамбыл облысының тұрғынына, компания ғимаратының шатыры жарақаттаған, 18,5 млн теңге төлеуге міндеттелді. 

Жоғарғы Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың көктемінде Жамбыл ауданының Аса ауылында қатты жел «Қазпошта» филиалы ғимаратының шатырын жұлып әкетіп, ол жергілікті тұрғынға құлаған. Кейін ол шұғыл түрде реанимацияға жеткізілді. Әйел 1 топтағы мүгедек болды.

«Зардап шеккен адам ауыр дене жарақаттарын алды – жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми көгеруі, кеуде қуысы мен жұлынның көгеруі, бет пен білектің кең ауқымды скальпталған жарасы, 3-4 омыртқаның компрессиялық сынуы», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, АҚ-ның Жамбыл филиалы зардап шеккен әйелдің қызының өтінішіне бірден жауап беріп, 7 млн теңге көлемінде көмек көрсетті. Алайда бұл сома емдеудің, оның ішінде шетелде оңалтудың барлық шығындарын жабуға жеткіліксіз болды. 

Өз кезегінде компания өкілі талапты мойындамай, 2021-2022 жылдары АҚ шатырды жөндеуден өткізгенін, бірақ мұрағаттағы жөндеуге қатысты құжаттарды ұсына алмайтынын түсіндірді.

Сот шатырдың құлауы болжамды мердігердің жөндеу жұмыстарын сапасыз орындап, шатырды тиісті түрде бекітпеуіне байланысты болғанын анықтады.

«Сот АҚ нысанның қауіпсіздігі мен пайдаланылуының тиісті деңгейін қамтамасыз етпеген деген қорытындыға келді, себебі АҚ ғимаратты күтіп-ұстауға және шатырды күрделі жөндеуді жүргізуге бақылау жасауға жауапты», - делінген хабарламада.

Сот «Қазпошта» АҚ-нан 8,5 млн теңге материалдық шығынды өтеу және 10 млн теңге моральдық зиянды өндіруді шешті.