Атырау қаласындағы №2 сот облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Дастанбек Коспановқа үкім шығарды.
Антикордың баспасөз қызметінің мәліметінше, ол «Олимпиадалық резервті дайындау орталығы» КММ-нің аға жаттықтырушысы Майлашев Н.-дан 1,7 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Пара бюджет қаражаты есебінен оқу-жаттығу жиындарына баруға жәрдемдескені үшін берілген.
Коспанов сонымен қатар КММ жаттықтырушыларынан жалпы сомасы 2,4 млн теңге көлемінде заңсыз ақша жинау арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп айыпталды.
Сонымен қатар, басқарма басшысы мемлекеттік мекемеде жұмыс істемейтін адамдарға заңсыз жалақы есептеу жолымен 1,1 млн теңге ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.
Нәтижесінде сот Коспановқа 4 жыл бас бостандығынан айыру, ал Майлашевке - 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен бірге сотталғандарға мемлекеттік қызметте, сотта және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды.
Фонд-бюро расследования коррупции