Астаналық «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ мемлекеттік сатып алу порталында 738 105 838 теңгеге бір өрт сөндіру көлігін сатып алу лотын жариялады.
Техникалық сипаттамада көрсетілгендей, көлік 2023 жылдан кеш шығарылмауы тиіс. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 19 сәуірден 4 мамырға дейін созылады.
Еске салайық, бұған дейін хабарланғандай, Павлодар әуежайы автокөлікті шамадан тыс жоғары бағамен сатып алмақ болған. Ұйым 64,4 млн теңгеге екі жүк көлігін, 46,4 млн теңгеге ассенизаторлық көлікті және 31 млн теңгеге самосвалды сатып алуды жоспарлаған.
Алайда мұндай арнайы техниканың құны жарияланғаннан әлдеқайда төмен болып шықты. Мысалы, нарықтағы ассенизаторлық көліктердің бағасы орташа есеппен 21 млн теңге, ал самосвалдың шамамен бағасы 25 млн теңге. Антикор еріктілері араласқаннан кейін сатып алу жойылды.
Фонд-бюро расследования коррупции