Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азық-түлік тауарларына баға белгілеу кезіндегі сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының жолын кеспекші.
«Маусымаралық кезеңде үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаны ұстап тұру және тұрақтандыру бойынша бірқатар шаралар қабылдауда. Бұл мәселе әсіресе су тасқынынан зардап шеккен өңірлер үшін өзекті», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Осыған байланысты Агенттіктің аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында аталған процестерді мониторингілеу тапсырылды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары кез келген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, оның ішінде заңсыз пайда табуға бағытталған түрлі құқыққа қайшы схемаларды жасауға байланыстыларының жолын кеседі. Баға белгілеуге кері әсер ететін сыбайлас жемқорлық факторларына, оның ішінде тараптардың аффилиирленуіне, мемлекеттік аппарат тарапынан негізсіз әкімшілік кедергілер жасауға, нарықтың жосықсыз қатысушылары тарапынан манипуляциялар мен теріс пайдалануларға ерекше назар аударылады», - делінген хабарламада.
Өз кезегінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы бұл жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, аталған мәселелерді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Өзбекстан мен Тәжікстаннан жеткізушілер арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын тікелей жеткізу мүмкіндігін пысықтағаны белгілі болды.
Тауарлар делдалсыз және сатушыларсыз тікелей қазақстандық нарыққа ең қолжетімді бағамен түсетіні хабарланады.
Фонд-бюро расследования коррупции