Антикорда Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевқа қандай айып тағылғанын айтты.
«Ол өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының рұқсатынсыз қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонын сенімгерлік басқару құқығын өзіне бағынысты компанияға беру жолымен лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп күдіктеледі», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, ол полигонды сенімгерлік басқару мерзімін заңсыз ұзарту жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктеледі. Сондай-ақ ол қылмыстық схемаға аудандық қаржы және ТКШ бөлімдерінің басшыларын тартқан.
Компания шартта көзделген қоқысты кәдеге жарату жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны атап өтілді. Нәтижесінде өңір экологиясына 204 млн теңге көлемінде залал келтірілген. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Фонд-бюро расследования коррупции