Skip to main content

«Алтыналмас» жұмысшысының мәйіті табылды

Submitted by Вера Александрова on

«АК Алтыналмас» АҚ Нұрдәулет Нұрмаханов атты жөндеу және қызмет көрсету слесарының тау жынысы астында қалып қаза тапқанын растады. Іздеу жұмыстары 5 күнге созылды.

«АК Алтыналмас» АҚ Нұрдәулет Жексенұлын білетін және бірге жұмыс істеген туыстарына, жақындарына, әріптестеріне шын жүректен және шынайы көңіл айтады», - деп жазды кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар компанияда оқиға болғаннан кейін бірден жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауы тиіс жұмыс тобы құрылғанын хабарлады. 

«Алтыналмаста» қайтыс болған адамның отбасына материалдық көмек көрсетуге және тиесілі төлемдер бойынша барлық міндеттемелерді орындауға уәде берді.

Еске салайық, 18 қыркүйекте Жамбыл облысында «АК Алтыналмас» АҚ тау-кен байыту кешендерінің бірінде жұмысшыны тау жынысы басып қалған еді. 
 
Тау жынысының қозғалысы мен күрделі географиялық жағдайларға байланысты опырылған аймаққа кіру қиын екені хабарланған болатын. 

Өткен жылдың қазан айында белгілі болғандай, Степногорск маңында орналасқан «Алтыналмас» компаниясының алтын өндіру кеніштерінде 5 жыл ішінде шахталарға заңсыз кіру үшін 4 295 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Сонымен қатар, 2023 жылы шахталарда 3 заңсыз кен іздеуші қаза тапқан.