Құрама жем зауытының басшылығы «АзияАгроФуд» АҚ ұн шаңының жарылуынан зардап шеккен барлық жұмысшылардың қаза тапқанын хабарлады.
«2025 жылғы 23 мамырда Алматы облысындағы «АзияАгроФуд» АҚ құрама жем зауыты аумағында болған қайғылы оқиға салдарынан әріптестеріміздің қаза тапқанын терең қайғы мен қасіретпен хабарлаймыз», - деді компанияның баспасөз қызметі.
Заңда және корпоративтік бағдарламаларда көзделген сақтандыру төлемдерінен басқа, компания қаза тапқандардың отбасыларына қосымша материалдық көмек көрсететіні атап өтілді.
«Біз жерлеу рәсімін ұйымдастыруға байланысты барлық шығындарды өз мойнымызға аламыз, сондай-ақ қайтыс болған әріптестеріміздің ықтимал қарыз міндеттемелерін толық өтеуді қамтамасыз етеміз. Әр отбасыға психологиялық және заңгерлік қолдау, сондай-ақ қажеттілігіне қарай жеке сүйемелдеу көрсетіледі», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептерін тергеу жүргізілуде. Компанияда барлық технологиялық және ұйымдастырушылық процестердің ішкі тексерісі басталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысындағы «АзияАгроФуд» АҚ құрама жем зауытының аумағында ұн шаңы жарылған еді. Салдарынан бір қызметкер қаза тауып, үшеуі ауыр халде Қарасай орталық аудандық ауруханасына жеткізілген болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции