Skip to main content

Алматылықтар RAMS Beyond Almaty құрылысына тыйым салу туралы петиция бастады

Submitted by Вера Александрова on

Алматы тұрғындары RAMS Beyond Almaty тұрғын үй кешенінің құрылысына қарсы шығып, қала әкімдігіне ұжымдық өтініш жолдады. Петицияда қала тұрғындары жобаны болдырмауды және Сейфуллин мен Тимирязев көшелерінің қиылысындағы учаскені саябақ аймағына айналдыруды талап етеді.

RAMS Beyong Almaty

Бастамашылар Epetition.kz сайтында 40 қабатты ғимарат пен бес 10 қабатты корпустың құрылысы тұрақ орындары мен жасыл желектер тапшылығы сезіліп тұрған ауданның көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымының шамадан тыс жүктелуіне әкелетінін жазады.

Тұрғындар тығыз құрылыстың бұрын белгіленген тоғыз қабаттан жоғары нысандар салуға шектеулерге қайшы келетінін және жобаны іске асыру туралы шешім толыққанды қоғамдық талқылаусыз қабылданғанын атап өтеді.

Өтініште осы мәселе бойынша тыңдаулар халықты тиісті түрде хабардар етпестен өткені, ал кездесу хаттамалары жарияланбағаны, азаматтардың пікірінше, ашықтық қағидатын бұзатыны айтылған.

«Біз - Алматы қаласының тұрғындары және біз қоғамбыз. Біздің қоғам ретіндегі ұстанымымыз - «RAMS Beyond Almaty» кешенінің жобасы біз үшін маңызды емес және тиісінше қоғамдық маңызы жоқ. Оның үстіне, жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып, біз «RAMS Beyond Almaty» кешенінің Сейфуллин мен Тимирязев көшелерінің қиылысында салынуын қоғамға қауіпті деп санаймыз!» - делінген хабарламада.

Бастамашыл топ келесі талаптарды қояды: көрсетілген учаскеде «RAMS Beyond Алматы» жобасын іске асырудан бас тарту, жерді жалпы пайдаланудағы жасыл желектер санатына қайтару, оның орнында саябақ құру, сондай-ақ бизнес-орталықтар мен қонақүйлерге қажеттілік бар басқа аумаққа құрылысты ауыстыру.

Еске салайық, шілде айында RAMS Beyond Almaty тұрғын үй кешенінің құрылысына Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев қарсы шықты. Ол «RAMS» құрылыс компаниясы өз уәделерін орындамайтынын атап өтті.

Оның айтуынша, бұған дейін компания өкілдері «RAMS City» тұрғын үй кешенінің жанында Жандосов көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі Кіші Алматы өзені бойымен екі шақырымдық сквер салуға уәде берген, бірақ ештеңе салмаған. Мәжілісмен мұнда да осыған ұқсас жағдай болуы мүмкін деген алаңдаушылығын білдірді.