Алматы прокуратурасы «832 авторемонттық зауыт КИ» АҚ 100% акциясын мемлекет меншігіне қайтарды.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылы «832 авторемонттық зауыт КИ» АҚ жалғыз акционері активтердің құнын 310 млн теңгеге төмендетіп, оны заңды тұлғаға сатқан.
«2024 жылғы 27 мамырдағы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен мәмілені жарамсыз деп тану туралы прокуратураның талап арызы қанағаттандырылды», - делінген хабарламада.
Нәтижесінде мемлекетке ауданы 2,5 мың шаршы метр ғимарат және 1,87 га жер қайтарылды.
Өз кезегінде vlast.kz зауыттың жалғыз акционері «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ екенін, ол «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қарасты екенін хабарлайды.
«Самұрық-Қазына» сайтында хабарланғандай, зауыт қорғаныс және азаматтық мақсаттағы өнімдер шығарған, сондай-ақ автомобиль және шынжыр табанды техниканы жөндеген.
Фонд-бюро расследования коррупции