Skip to main content

Алматыдағы вокзалда билеттер екі есе қымбат сатылды

Submitted by Вера Александрова on

Алматы теміржол вокзалының жеке кассасында билеттер қымбат бағамен сатылған. 

Бұл туралы хабарлады «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) АҚ баспасөз қызметі.

«Алматы-1 теміржол вокзалында жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен кезекті тексеру жүргізіліп, жеке кассада билеттердің белгіленген бағадан екі есе жоғары сатылғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Тексеру кезеңінде жеке касса жұмысы тоқтатылғаны хабарланды. Тексеру материалдары уәкілетті органдарға жіберілген. 

Бұған дейін Алматы – 2 вокзалындағы жеке кассада жол жүру құжаттарын қайта сату бойынша алаяқтық схема анықталғаны атап өтілген.