Skip to main content

Алматыдағы крематорий: мердігерге сотқа шағым түсті

Submitted by Вера Александрова on

Алматы әкімдігі крематорий салған мердігер ұйымға сотқа шағым түсірді. «Казинформ» ХАА қалалық құрылыс басқармасына сілтеме жасап хабарлағандай, мердігер белгіленген мерзімде жұмысты аяқтамаған.

«Бекітілген нысанды қабылдау актісінсіз оны пайдалануға жол берілмейді. Осыған байланысты мердігер-компанияның атына талап-шағым хабарламасы жіберілді. Шарт мерзімінің аяқталуына және шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауына байланысты мердігер ұйымға қатысты оны мемлекеттік сатып алудың адал емес қатысушысы деп тану және жергілікті бюджет кірісіне айыппұл өндіру туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қойылды», — деді басқармада.

Алматы крематорийінің құрылысы 2021 жылдың соңында аяқталды, ал нысан 2021 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілуі керек еді. 

Алайда мерзімдер бірнеше рет ауыстырылды - алдымен 2021 жылдың соңына, кейін 2022 жылдың мамырына, одан кейін 2023 жылдың екінші тоқсанына.