Бас прокуратура қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің жәрдемімен Германиядан алаяқтық жасады деген күдікті экстрадициялады.
Бас прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, көрсетілген тұлға екі сыбайласымен бірге жалған фирмалар құрып, бидай жеткізу сылтауымен кәсіпкердің 100 млн теңгеден астам қаражатын иеленген.
Полиция фигуранттардың бірін ұстады, қалған екеуі жауапкершілікке тартылудан қорқып, жасырынып, халықаралық іздеу жарияланды.
«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде өткен жылдың қазан айында бір күдіктінің орналасқан жерін Нюрнберг қаласынан (ГФР) анықтау мүмкін болды. Одан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша фигурант отанына экстрадицияланды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына орналастырылды. Бұл қылмыс үшін мүлікті тәркілей отырып, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғаны атап өтілді.
Естеріңізге салайық, ақпан айының басында ҚР Бас прокуратурасы Қырғызстаннан қазақстандық азаматты «QI-Trade» қаржы пирамидасын трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында құру және басқару үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады.
Белгілі болғандай, күдіктілер салымшылардың шамамен 15 млрд теңгесін иемденген. Қатысушылардың бір бөлігі сотталды, ал жоғарыда аталған азамат жасырынып, халықаралық іздеу жарияланды. Іздеуде жүрген күдікті Қырғызстан аумағында кісі өлтіру жасап, сонда сотталды.
Фонд-бюро расследования коррупции