(21 қаңтар 2026 | Дереккөз: Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі)
Ақтөбеде 2025 жыл ішінде терроризм актілері туралы 20 жалған хабарлама тіркелді. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама») бойынша сотқа дейінгі тергеулер басталды.
СОТ ТӘЖІРИБЕСІ
Ақтөбе облысы прокуратурасының мәліметінше, соңғы төрт жылда өңір соттары терроризм туралы жалған хабарламаларға байланысты бес қылмыстық істі қарады. Бұл ретте айыпталушыларға көбінесе бас бостандығынан айыру, сирек — бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
СОТ ТӘЖІРИБЕСІНЕН МЫСАЛ
Мысалы, 2023 жылғы сәуірде Агейкин 102 нөміріне қоңырау шалып, өзі тұратын үйде бомба қойылған деп хабарлады. Хабарлама жалған болып шығып, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқты. Ақтөбе қаласының №2 соты Агейкинді екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге соттады. Үкім шығару кезінде оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны және кәмелетке толмаған баласының асырауында болғаны ескерілді.
ПРОКУРАТУРАНЫҢ ҰСТАНЫМЫ
Ақтөбе облысының прокуратурасы терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар ауыр қылмыстық құқық бұзушылық больп табылатынын және оны жасаған адамның ниеті мен жасына қарамастан, қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
ҚР ҚК 273-бабы 5000 айлық есептік көрсеткішке (21,6 млн теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Фонд-бюро расследования коррупции