Skip to main content

Ақтөбе облысындағы ауылға баратын жолды еріген су шайып кетті

Submitted by Вера Александрова on

Ақтөбе облысында еріген қар суы Қобда ауданы Қанай ауылына баратын жолды шайып кетті. Аймақта қардың қарқынды еруінен Тумаңшы өзенінің суы арнасынан асып, жолды шайған.

ORDA мәліметінше, ауылда 12 үй орналасқан.

«Жолдың жалпы ұзындығы үш шақырымды құрайды. Оның алты метрін су шайып кетті. Ауылға кіре беріс жол уақытша жабылды», – деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімдігінен.

Сонымен қатар жергілікті билік ауылды су баспайтынын сендірді. Оқиға орнына моторлы қайық жеткізіліп, құтқарушылар құм салынған қаптарды төсеп, кезекшілік ұйымдастырылды. Ауылда дәрі-дәрмек пен азық-түлік қоры жеткілікті.

Судың ағыны азайғаннан кейін жол жүру қалпына келтірілетініне уәде берілді.

Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында қардың күрт еруіне байланысты тасжол жабылған болатын, онда еріген су жол төсемінен асып, жол жабылған еді.