Skip to main content

106 млн теңгеге салынған бөгет БҚО-да бұзылды

Submitted by Вера Александрова on

Батыс Қазақстан облысы Ақбұлақ ауылында бөгет бұзылып, оны күрделі жөндеуге бюджеттен 106 млн теңге жұмсалған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, құрылыс бір көктемге де шыдамаған. 

Ulysmedia.kz мәліметіне сүйенсек, ауыл тұрғындары Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен аймақ билігіне бейнеүндеу жазып, комиссия құрып, бұзылу себептерін анықтауды талап еткен.

«2022 жылғы 25 сәуірде келісімшарт жасалып, соған сәйкес компания бөгетті 106 млн 400 мың теңгеге күрделі жөндеуден өткізу міндеттемесін алды», — деді тұрғындар.

Ауыл тұрғындары мал мен ауыл шаруашылығы үшін маңызды еріген қар суын жинақтаудың басқа мүмкіндігі жоқ екенін айтады. 

Олардың сөзінше, олар ауылдық округ әкіміне жүгінген, бірақ ешқандай әрекет болмаған. Қазір ауыл тұрғындары прокуратура тексерісін және ел Президентінің араласуын талап етіп отыр.

«Біздің болжамдарымыз ескерусіз қалды. Мүмкін, жоба дұрыс жасалмаған немесе сапасыз материалдар пайдаланылған. Бөгеттің бір тәулік ішінде бұзылуына не себеп болғанын анықтау үшін комиссия құруды сұраймыз. Бізді естіп, шара қолданыңыз», — делінген үндеуде.

Айта кетейік, елімізде құрылыс жұмыстарының сапасына қатысты мәселелер жалғыз емес. Мамыр айында Ақмола облысы Атбасар аудандық соты Сергеев ауылдық округінің әкімі Қайрат Қожахметовты тергеу нұсқасы бойынша 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде Самарка ауылында 19 үйдің су астында қалуына әкеп соққан немқұрайлылықта кінәлі деп таныды. 

Өз кезегінде сотталған әкім кінәсін мойындамайды. Әлеуметтік желілердегі парақшасында жарияланған бейнеүндеуінде ол жағдайда «шеткі» болып қалғанын мәлімдеді.

Маусым айында Ақмола облысында Атбасар ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі басшыларына, «Престиж Строй 7» ЖШС және «Фундаменталь» ЖШС-не қатысты үкім шығарылды. Олар 300 млн теңгеден астам қаражатты жымқыруда кінәлі деп танылды. Бұл қаражат 2021 жылы үкімет резервінен Атбасар ауданының су басу аймағында тұратын 200 отбасын көшіру үшін екі үй салуға бөлінген еді.