Skip to main content

400-ден астам үлескер Астанада 4,6 млрд теңгеге алаяқтардан зардап шекті

Submitted by Вера Александрова on

Астанада үлестік құрылысқа азаматтардың ақша қаражатын заңсыз тарту фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жіберілді.

Астана қалалық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бір топ адам 4,6 млрд теңге көлемінде ерекше ірі залал келтірді деген күдікке ілінген. 400-ден астам отбасы зардап шеккен деп танылды.

Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар тиісті рұқсаттары болмай, үш тұрғын үй кешенін салу үшін азаматтардың ақшасын тартқаны анықталды.

Олар алған қаражатты мақсатсыз пайдаланып, құрылыс нысандарын мүлде жүргізбегені хабарланды.

«Астана прокуратурасы азаматтарды пәтер сатып алар алдында үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаттың бар-жоғын мұқият тексеруге шақырады. Бұл алаяқтықтан аулақ болуға және өз құқықтарыңызды қорғауға көмектеседі», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда сотталған жергілікті тұрғын «Мизам» тұрғын үй кешенінің үлескерлерінен 70 млн теңге ұрлаған еді. Ол «СК 2032» тұрғын үй-құрылыс кооперативі (ТҚК) басшысы болып көрініп, салынып жатқан ТҮК-те жылжымайтын мүлікті сату бойынша үлескерлермен тоғыз шарт жасасқаны атап өтілді.